
Ответственный секретарь
Көккөз Бақытгүл Баймәдіқызы
"Томар ауылдық округі әкімі аппаратының" ММ-нің хатшысы
Өмірбаян
Көккөз Бақытгүл Баймәдіқызы 1993 жылы 1 наурыз күні Қарағанды қаласы,
Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1999-2011 жылдары Ақмола облысы,
Бұланды ауданы Елтай қазақ орта мектебінде оқыған. 2011-2012 жылдары
Көкшетау қаласындағы Ақан Сері атындағы мәдениет колледжінде «Дизайнер-архитектор»
мамандығы бойынша 6 айлық курсын оқыған. 2012-2014 жылдары Көкштеу қаласы
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде филология факультетін бітіріп,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаілімі мамандығын алды.
2014-2015 жылдары Астана қаласы «Ұлас-Электрон» компаниясында
іс-жүргізуші. Өз өтініші бойынша босатылған.
2016-2017 жылдары Аршалы ауданы №4 Агротехникалық колледжінде
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Өз өтініші бойынша босатылған.
2017 жылы Астана қаласы Қоянды ауылы «Айналайын» балабақшасының
меңгерушісі. Өз өтініші бойынша босатылған.
2018-2019 жылдары Қоянды орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі. Өз өтініші бойынша босатылған.
2019-2020 жылдары Шортанды ауданы, Новокубанка ауылдық округі
әкімдігінде аудармашы. Өз өтініші бойынша босатылған.
2020-2023 жылдары Шортанды ауданы, Белое Озеро негізгі орта мектебінде
аға тәлімгер және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Өз өтініші бойынша босатылған.
2023 жылдың 15 қараша айынан бастап Қарқаралы ауданы Томар ауылдық окруі
әкімі аппаратының хатшысы қызметін атқаруда.


