
УМБЕТБАЕВ Таубалды Балхияұлы
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы
Өмірбаян
1964 жылы туған.
1990 жылы Шетел тілдері педагогикалық университетін және 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.
1990 -1993 жж. - Қордай ауданының Алмалы орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Директордың міндетін атқарушысы;
1993-2018 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде әртүрлі лауазымдарда дипломатиялық қызмет;
2018-2020 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің Директоры;
10.2020-06.2022 жж. - Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулы;
07.2022 ж. – бүгінгі күнге дейін - Қазақстан Республикасының Майн-Франкфурт қаласындағы (Германия Федеративтік Республикасы) Бас консулы.
Дипломаттық рангі: I I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл