
Абильмажинов Ермек Толегенович
Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1971 жылы 6 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ. 1988 жылы Семей облысының Ақсуат ауылында орта мектепті бітірді. 1993 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтын «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-механик біліктілігін алды. Отбасылық жағдайы: үйленген.
Кәсіби біліктілігі
«Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы.
"Техникалық ғылымдар және технологиялар" секциясы бойынша Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
«Машина жасау және машинатану» мамандығы бойынша профессор.
1993-1994 жж. Ақсуат ауылында аудандық коммуналды шаруашылық комбинатының механигі.
1994-2006 жж. Шәкәрім атындағы СМУ-нің «МЖТжәнеМ» кафедрасының машықтанушы-оқытушысы, оқытушысы, аға оқытушысы.
2006-2007 жж. Шәкәрім атындағы СМУ-нің «МЖТжәнеМ» кафедрасының доценті м.а.
2007-2011 жж. СМПИ-нің «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының доценті м.а.
2011-2013 жж. СМПИ-нің қашықтықтан оқыту факультетінің деканы.
2013-2014 жж. ҚазИГЗУ-нің ақпараттық технологиялар бойынша проректоры.
2014-2016 жж. Шәкәрім атындағы МУ-нің «МЖТжәнеМ» кафедрасының профессоры м.а.
2016-2017 жж. ҚазТБУ-нің технологиялық факультет деканы.
2017-2018 жж. ИнЕУ-нің инженерлік-технологиялық факультет деканы.
2018-2019 жж. Шәкәрім атындағы МУ-нің ИжАТ бағыты бойынша оқу бағдарламаларының жетекшісі.
2019-2021 жж. Шәкәрім атындағы МУ-нің «Жаратылыстану және инженерия» ғылыми кафедрасының менгерушісі.
2021-2023 жж. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «ТЖжМЖ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті).
2023-2024 жж «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «ТЖжМЖ» кафедрасының профессоры.
2024 жылғы 6 қантардан бастап Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
