
Өмірбаян
Мен Баймағамбетов Елдос Өміржанұлы, 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келдім. 2001 жылы орта мектепті бітіріп, Қарағанды мемлекеттік университетіне инженер-жылуфизик мамандығына оқуға түсті. 2006 жылдан бастап "Шахтинская ЖЭО" ЖШС турбина жабдығы бойынша машинист-қараушы болып жұмыс істеді, содан кейін ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.
Әскерден кейін "Шахтинская ЖЭО" ЖШС қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, қазандық-турбина цехының ауысым бастығы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметте – "Шахтинск қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бас маманы лауазымынан бастады, 2010 жылдан бастап - Саран қаласының ТКШ бөлімінің бас маманы, содан кейін тіршілікті қамтамасыз ету секторының меңгерушісі. 2011 жылдан 2015 жылға дейін Саран қаласы әкімдігінің "Абаттандыру" ЖШС директоры болды. 2015-2018 жылдары - "Абай ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ басшысының орынбасары. 2018 жылғы 4 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін - Мичурин ауылдық округінің әкімі.


