
Өмірбаян
Мен, Рымбек Базылұлы Тұяқбаев 1968 жылы 30 тамызда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Ақтасты селосында дүниеге келдім.
1986 жылы Ақтастыы селосындағы орта мектепті аяқтап, Осы жылы шілде айында «Алау» КЖШБ бригадасына барып, 1986 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылдым. Әскери борышымды Чехословакияда өткердім.
Әскери борышымды өтеп келген соң 1989 ж. наурызынан 28 тамызға дейін Арқалық кеңшарында ауыл шаруашылығында жұмыс істедім. 1989-1992 жыл аралығында Қарқаралы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумында оқыдым.
1992-1995 жылдары аралығында Егіндібұлақ ауданы Арқалық совхозында бөлімше зоотехнигі болып еңбек еттім.
1996-2002 жылдары фермерлік шаруашылықпен айналыстым.
2003-2006 Қарқақаралы ауданы «Арқалық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ де әскери есеп столы инспекторы.
2003-2007 жылдары Алматы экономикалық статистикалық академиясында сырттай бөлімінде оқыдым.
2006-2007 жж. Қарқақаралы ауданы «Абай селолық округі әкімінің аппараты» ММ де жетекші маман.
2007-2013 жылдары Абай ауданы «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ де бас маман.
2013 ж.тамыздан-2014 ж.1 ақпан Абай ауданы Есенгелді ауылдық округінің әкімі.
2014 ж.03 қарашадан-2018 жылдың 10 шілдесіне дейін Абай ауданы «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ де бас маман лауазымдық қызметі.
2018 ж.11 шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Ақбастау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарудамын.


