
Есбергенов Бағдат Сабырұлы
Жамбыл облысы Шу ауданы Алға ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Есбергенов Бағдат Сабырұлы 1983 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Алға ауылында дүниеге келген Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2002 жылы Теміртау политехникалық колледжін «Экономист –бухгалтер» мамандығы бойынша, 2007 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», 2014 жылы «Қазтұтыну одағы» Қарағанды экономикалық университетінің экономика саласын «Құқықтық реттеу», 2022 жылы Тұран университетінің «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистр тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы «ЖҚБ-85» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған;
2003-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде әскери борышын өтеген;
2006-2008 жылдары Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінде полиция қызметкері;
2008-2009 жылдары Шу ауданы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары аудан әкімінің бас инспекторы;
2011-2016 жылдары Тасөткел ауылдық округінің әкімі;
2016-2018 жылдары Шу ауданы әкімінің бас инспекторы;
2018 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Алға ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.