
Айтмағамбетов Ризабек Бауыржанұлы
Тереңкөл ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Айтмағамбетов Ризабек Бауыржанұлы 1985 жылы 24 қаңтарда Павлодар облысы, Качир ауданы, Қашыр ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Жоғарғы білім. Павлодар педагогикалық институтын тарих және география мамандығы бойынша бітірген.
08.2002 жылдан 07.2006 жылға дейін – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті.
08.2006-11.2007 жж – А.Текенов атындағы №2 Качир орта мектебі, тарих мұғалімі.
11.2007-04.2009 аралығында – «Качир ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бас маман.
04.2009 жылдан 01.2011 жылға дейін – «Качир ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімі, бас маман.
01.2011 жылдан 07.2013 жылға дейін – «Качир ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, сектор меңгерушісі.
07.2013 жылдан 10.2013 жылға дейін – «Качир ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бас маман.
10.2013 жылдан 10.2013 жылға дейін – «Качир ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, басшысы.
10.2013-10.2019 аралығында – «Тереңкөл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, басшысы.
10.2019-11.2019 аралығында – «Тереңкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт секторы, сектор меңгерушісі.
11.2019 жылдан 04.2022 жылға дейін – Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округінің әкімі.
04.2022 жылдан Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі.