
Өмірбаян
Кауанов Еркебулан Сарсенбаевич 1985 жылғы 14 қазанда Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Бөгетсай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2003 жылы Ақтөбе теміржол көлігі колледжіне «Теміржол көлігінде автоматтандыру, телемеханика және қозғалысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында слесарь-электрик болып бастаған.
2005–2008 жылдары – Дөң тау-кен байыту комбинатында слесарь-электрик;
2008–2009 жылдары – Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электромонтер;
2016 –2024 жылдары – «Қазына» шаруа қожалығының төрағасы.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Бөгетсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.