
Өмірбаян
1968 жылы Абай қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Орталық Азия университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1982 жылы Мичурин аудандық ауруханасының санитарлық емханасында бастады. Кассир, тауартанушы болып жұмыс істеді. 2006-2012 жылдары - Южный кенті әкімі аппаратының бас маманы. 2012-2021 жылдары - Южный кентінің әкімі, 2021-2023 жылдары-Топар кенті әкімінің орынбасары. Абай аудандық сайлау комиссиясының шешімімен 2023 жылғы 31 шілдеден бастап Южный кентінің әкімі болып тіркелді.


