Матаев Серік Садықұлы

    Әкім

    Матаев Серік Садықұлы
    Аким

    Матаев Серік Садықұлы

    Әкім

    Өмірбаян

    Матаев Серік Садықұлы 1977 жылы 14 шілдеде Ақтөбе облысы Қобды ауданы Әлия ауылында туған.

    Жоғары білімі бар.

    1995 жылы Хобда кәсіптік училищесін «Ауыл шаруашылығы есепшісі» мамандығы бойынша бітірген.

    1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтын «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығы бойынша бітірген.

    1999-2002 жылдары Жаңаталап орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

    01.03.2002 - 19.07.2002 жылдары «Қобда» газеті редакциясының тілшісі.

    2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеген

    2004-2005 жылдары Ақтөбе қаласы, №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

    2005-2008 жылдары Ақтөбе қаласы, № 40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

    2008-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің подполковнигі

    2024 жылдан Ақтөбе облысы, Қобды ауданы, Бұлақ ауылдық округінің әкімі