Букпин Әділжан Мұратұлы

    Новоишим ауылдық округінің әкімі

    Букпин Әділжан Мұратұлы
    Аким

    Букпин Әділжан Мұратұлы

    Новоишим ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Букпин Әділжан Мұратұлы 1989 жылы 3 наурызда Көкшетау облысы, Куйбышев ауданы, Куйбышев поселкесінде дүниеге келген.

    2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

    2020 жылдың 4 ақпанынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

    Еңбек жолын 2008 жылдың шілде айынан бастап «Элеватор Целинный-2006» ЖШС жұмысшысы болып бастады.

    2009 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында «Новосел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Жастар практикасы бойынша маманы.

    2011 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Новосел орта мектебінің жұмысшысы.

    2011 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың ақпанына дейін Новосел орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

    2012 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың сәуір айына дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» ММ экономисті.

    2015 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ Аудан әкімі орынбасарының құрылыс және жедел сұрақтар бойынша бас маманның көмекшісі.

    2015 жылдың маусым айынан 2017 жылдың ақпан айына дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ құрылыс және жедел сұрақтар бойынша аудан әкімі орынбасарының көмекшісі – бас маманы.

    2017 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-нің төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс бойынша аудан әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.

    2019 жылғы 1 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишим ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.