
Өмірбаян
Нұржан Исенбайұлы 1992 жылы 23 қаңтарда Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы – Қайнар колледжін, 2013 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Бейнеу ауылындағы №2087 әскери бөлімінде кіші бақылаушы ретінде бастаған.
2014 – 2018 жылдар аралығында Бейнеу аудандық сот кеңсесінің аға сот приставы қызметін атқарған.
2018 – 2020 жылдар аралығында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.
2020 – 2023 жылдары "Сыңғырлау" ауылының әкімі лауазымын және Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.