
Өмірбаян
Өтеулин Бекнұр Таңатарұлы, 1978 жылы 19 қыркүйекте Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Білімі: Жоғары
Ақтөбе политехникалық колледжін, Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қ. Жұбанова, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген
Еңбек жолын Құмжарған орта мектебінде спорт үйірмесінің жетекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы, Құмжарған орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, спорт нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бастап Құмжарған орта мектебінің директоры қызметін атқарып келді