Сауытов Бағдат Наурызұлы

    Ауылдық округ әкімі

    Өмірбаян

    1993 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Ақтөбе гуманитарлық техникалық әмбебап мултиьпрофилдік колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген және 2021 жылы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2013 жылы Шұбарқұдық кентінде орналасқан Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Заңгері» болып бастаған;

    2017 жылы «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып қабылданды.

    2018-2023 жылдар арасында «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы қызметін атқарып келді.

    2023 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері