
Аккулов Ербол Избасканович
Дөң ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Аккулов Ербол Избасканович 1980 жылы 13 мамырда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Кенсахара селосында өмірге келген.2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Биология" мамандығы бойынша бітірген.2023 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.
Әр жылдары:
15.03.1999 - 26.08.2004 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылкайың орта мектебінде география пәні мұғалімі.
26.08.2004 - 21.02.2018 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Оңғар орта мектебінің директоры.
22.02.2018 - 28.05.2018 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
29.05.2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімі.