
Өмірбаян
Мен Кереев Әсет Сәкенұлы, 1989 жылы 04 қазанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылында дүниеге келдім. 1996 жылдың 1 қыркүйегінде Ойыл ауданы, Сарбие ауылындағы Сапақкөл орта мектебіне қабылданып, 2005 жылы аталған мектептің 9 классын аяқтадым. Осы жылы Есет батыр атындағы облыстық әскери полициялық мектеп интернатына қабылданып, 2007 жылы 11 классын аяқтадым.2009-2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Рауан» көпсалалы колледжісін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым, 2011-2016 жылдары аралығында Алматы қаласындағы «Қайнаар» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
2010 - 2012 жылдары Ақтөбе қаласындағы Күзет полициясында полицей болып қызмет атқардым, 2012 -2016 жылдары Есет батыр атындағы әскери полициялық мектеп интернатында тәрбиеші болып қызмет атқардым, 2016-2019 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы № 34 қазақ орта мектебінде Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым, 2020- 2022 жылдары аралығында Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік ,құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы қызметін атқардым, 2022 жылдың 14 қазанынан бастап «Ойыл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы қызметін атқарып келдім.15.05.2024-қазіргі уақытқа дейін- Сарбие ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылы .