
Кенжалин Сабит Муратович
Жаңажол ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Сәбит Мұратұлы Кенжалин 1980 жылы Баянауыл ауданының Жаңажол ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Дене жынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Баянауыл ауданындағы Үшқұлын орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2001-2013 жылдар аралығында №1 Майқайың орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2013-2014 жылдар аралығында №1 Майқайың орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2014-2021 жылдар аралығында Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы ЖББО мектебінің директоры лауазымын атқарды.
2021 жылы мемлекеттік қызметке ауысты.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Жаңажол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.