Сыздыков Мейрам Мерекеевич

    Жаңаөзен ауылдық округінің әкімі

    Сыздыков Мейрам Мерекеевич
    Аким

    Сыздыков Мейрам Мерекеевич

    Жаңаөзен ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Сыздыков Мейрам Мерекеевич 1962 жылы 5 қарашада Қарағанды облысы Мичурин ауданы Спасск ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Новоузенка орта мектебін бітірген. 1979 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтына түсіп, 1984 жылы бітірді. Үйленген. Екі баласы бар.

    Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Тельман ауданы Тимирязев № 3 совхоз бөлімшесінде зоотехник болып бастаған. 1989 жылы Ғабиден Мұстафина (қазіргі Қызылқайын ауылдық округі) совхозының бас зоотехнигі болып тағайындалды, онда 2000 жылға дейін жұмыс істеді. 2000 жылы Бұқар Жырау ауданының Новоузенка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қарағанды қаласында түрлі құрылымдарда жұмыс істеген. 2011 жылы Новоузенка ауылдық округінің әкімі болып қайта тағайындалып, осы уақытқа дейін жұмыс істеуде.