Вакпаев Асылбек Васильевич

    Аким сельского округа Кемеңгер

    Вакпаев Асылбек Васильевич
    Аким

    Вакпаев Асылбек Васильевич

    Аким сельского округа Кемеңгер

    Өмірбаян

    Высшее

    Мен, Вакпаев Асылбек Васильевич 1975 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай ауылында дүниеге келдім. 1981 жылы осы ауылдағы орта мектептің бірінші сыныбына бардым. Мектепте оқып жүргенде «қазақша күрес» секциясына қатысып, ауылдық, аудандық жарыстардан жүлделі орындар алып жүрдім. Мектептің 9-сыныбын 1990 жылы бітіріп, осы жылы Шарбақты аудандық 24-СПТУ-ға түсіп , оны 1993 жылы «техник-механик» біліктілігімен бітіріп диплом алып шықтым.

    1995 жылы отбасымызбен Павлодар облысы, Павлодар ауданы Красноармейка селосына көшіп келдік. 1997 жылы үйленіп жұмысымды ауылда «қазақша күрес» жаттықтырушысы болып бастадым. Жаттықтырушы бола жүріп, өзім де бірнеше рет аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иелендім. Шәкірттер тәрбиелеп олардың да жемісін көріп жүрмін. Атап айтсам Мүтәлапов Тілектес, Алиғожин Нұрхандар республикалық деңгейдегі жарыстардан жүлделі оралды.

    2000-2008 жылдары Красноармейка аграрлы-техникалық колледжінде лаборант болып жұмыс істедім.

    2008ж.-2012ж. «Тәлімгер» Жастар қоғамдық бірлестігінің директоры қызметін атқара жүріп, көптеген қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Ауыл жастарына салауатты өмір салтын насихаттауға үлесімді қостым.

    2008-2013 жылдары Красноармейка ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болып істедім.

    2008-2013 жылдары Павлодар ауданы бойынша «қазақша күрестен» жаттықтырушы болдым.

    2013-2018 жылдар аралығында Павлодар аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары қызметін атқардым.

    Білімім жоғары, ПМПИ 2012 жылы бітіріп, Дене шынықтыру және спорт БАКАЛАВРЫ академиялық дәрежесімен «дене тәрбиесінің оқытушысы және таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы» біліктілігімен диплом алдым.

    Отбасымда үш бала тәрбиелеп отырмын.

    Бірнеше рет аудан және ауыл әкімінен жоғары спорттық дәрежелерге жеткенім үшін алғыс хаттармен марапатталдым

    2018 жылдың қаңтар айынан бастап Павлодар ауданы, Красноармейка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым.