
Айтқалиев Гибрат Талғатұлы
Жәнібек ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Ғибрат Талғатұлы 1992 жылдың 7 қаңтарында Жәнібек ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің статисі болып бастаған. 2013-2014 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің жетекші маманы, 2014-2016 жылдар аралығында Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, 2016-2017 жылдары Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бастап 15 қыркүйекке дейін Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметінде болды.
Отбасылы, 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.