Мен ,Мусагалиев Шокан Рахимович ,1972 жылы 8 маусымда Батыс Қазақстан облысы ,
Чапаев ауданы ,Бударин ауылында дүниеге келдім.
1979 жылы Бударин орта мектебіне 1-сыныпқа оқуға барып,
оны 1989 жылы бітірдім. 1989 жылы Орал ауылшаруашылық
техникумына «зоотехник-малдәрігері ұйымдастырушы» мамандығы бойынша оқуға түсіп,
1994 жылы мамандық иесі атандым. 1990-1992 жылдары Кеңес әскері
Қарулы Күштері қатарында Германия жерінде азаматтық борышымды атқардым.
Еңбек жолымды Тасқала ауданы ,В.И.Ленин атындағы совхозда 1994 жылы
малдәрігері болып бастап ,1996 жылға дейін жасадым.
1996-2013 жылдары Бударин орта мектебінде әскери жетекші-ұйымдастырушы болып істедім.
1998-2003 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
мамандығы бойынша сырттай оқып бітірдім.
2013 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың 10 тамызына дейін
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс атқардым.
2017 жылдың 10 тамызынан бастап Бударин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым.