Шахатова Жанна Кабеновна

    Никольск ауылдық округі әкімі

    Шахатова Жанна Кабеновна
    Аким

    Шахатова Жанна Кабеновна

    Никольск ауылдық округі әкімі

    Өмірбаян

    Жанна Кабенқызы Шахатова 1979 жылдың 19 қарашасында Көкшетау облысының Щучинск қаласында дүниеге келген. 2001 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы Бұланды ауданының Елтай бастауыш мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып бастады. 2001 жылдың қыркүйегінен бастап Бұланды ауданы Елтай бастауыш мектебінің меңгерушісі болып тағайындалды, 2009 жылдың желтоқсанында Елтай орта мектебіне мектеп директор қызметіне ауыстырылды.2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың ақпанына дейін «Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс атқарды. 2013 жылы «Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың шілдесінде ол өз еркімен жұмыстан босатылып, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры болып тағайындалды. 2021 жылғы 27 шілдеден бастап Бұланды ауданы Никольск ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.