
Икишева Бахыт Мухаметкаримовна
Южный кентінің әкімі
Өмірбаян
Икишева Бахыт Мухаметкаримовна 1966 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Орталық Азия университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Абай ауданы Мичурин аудандық ауруханасы емхананың санитарлық қызметкері болып бастады.
1986 - 1988 жылдары Абай ауданы Топар кентінің № 49 Мичурин аудандық дәріханасында кассир болып жұмыс істеді.
1989 - 1997 жылдары Абай ауданы Топар кентінің Мичурин аудандық тұтыну кооперативінің тауартанушысы болып жұмыс істеді.
1997 жылдан бастап 2004 жылға дейін Абай ауданында "Саумал" шаруа қожалығының экономисі болып қызмет етті.
2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін Абай ауданы Көксу ауылының АК 159/9 мекемесінің сотталғандармен тәрбие жұмысы бөлімінің психологы болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін "Абай ауданы Южный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымын атқарды.
2012 жылдың маусымынан 2012 жылдың шілдесіне дейін Абай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің "Абай аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының кадр маманы болып жұмыс істеді.
2012 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Абай ауданы Южный кентінің әкімі лауазымын атқарды.
2021 жылғы тамызынан 2023 жылғы шілдесіне дейін - Абай ауданы Топар кенті әкімінің орынбасары.
2023 жылдың 1 тамызынан - Абай ауданы Южный кентінің әкімі.