
Өмірбаян
Ідірісов Бекболат Қазимұлы 1993 жылы 23 шілде Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз стансасында дүниеге келген. 2011-2015 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика факультеті, жергілікті және өзін-өзі басқару мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2017-2019 жылдары Тараз инновациялық мемлекеттік университетінің экономика және құқықтану факультетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген
2013-2015 жылдары Тоғыз ауылдық округі Тоғыз стансасында «Бекболат» шаруа қожалығын ашып басқарған.
2015-2016 жылдары «Ақтөбе Жас Өркен» ЖШС заңгер көмекшісі болып қызмет атқарған.
2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғаманың Ақтөбе облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімінің – бас маманы болған.
2018-2020 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы Әкімшілік шаруашылық басқармасының – жетекші сарапшысы болған.
2020 жылдың 12 наурызынан бастап Тоғыз ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасайды.