
Порфирьева Людмила Владимировна
Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1985 жылғы 8 маусымда Ақмола облысы Атбасар ауданының Полтавка ауылында дүниеге келген.
2008 жылы «Фемида» Қарағанды заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылғы 7 желтоқсанда «Атбасар жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС-нің кеңсе бөлімінде заңгер болып бастап, 2011 жылғы 25 наурызға дейін жұмыс істеген.
2011 жылғы шілде айынан 2012 жылғы қараша айына дейін Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Атбасар аудандық мәдениет үйі» МКҚК кадр бөлімінің инспекторы қызметін атқарған.
2014 жылғы қазан айынан 2015 жылғы сәуір айына дейін Атбасар ауданы, Атбасар қаласындағы №1 индустриялық-техникалық колледжі» КММ заң кеңесшісі қызметінде жұмыс істеген.
2017 жылғы қыркүйек айынан 2019 жылғы сәуір айына дейін «Полтавка-2» ЖШС-де оператор қызметін атқарған.
2019 жылғы сәуір айынан 2019 жылғы қыркүйек айына дейін "Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ статист қызметін атқарған.
2019 жылғы қыркүйек айынан 2019 жылғы қазан айына дейін "Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бас маманның міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
2019 жылғы қазан айынан 2026 жылғы маусым айына дейін "Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бас маман қызметін атқарған.
2026 жылғы 16 маусымнан бастап Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің әкімі болып сайланған.