
БАИСОВ ЖАНАТ БИСЕМБАЕВИЧ
Әкім орынбасары
Өмірбаян
1986 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Северное ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі – жоғары. 2007 жылы Құрлық әскерлерінің әскери институтын, 2010 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Үйленген. Бір бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты ретінде бастаған.
2007 жылдан бастап – 21450, 31775 әскери бөлімдерінің взвод командирі.
2008 жылдан бастап – 31775 әскери бөлімінің рота командирі.
2009 жылдан бастап – 31775 әскери бөлімінің батальон командирінің орынбасары.
2012 жылдан бастап – 31775 әскери бөлімінің қызмет бастығы.
2014 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етті.
2015 жылғы наурыздан 2015 жылғы шілдеге дейін – «Шалдай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы.
2017 жылғы шілдеден 2017 жылғы қыркүйекке дейін – «Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2017 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы ақпанға дейін – Павлодар облысы Әділет департаментінің Шарбақты аумақтық бөлімшесінің басшысы.
2018 жылғы ақпаннан 2018 жылғы желтоқсанға дейін – Павлодар облысы Әділет департаментінің Шарбақты аудандық аумақтық әділет басқармасының басшысы.
2018 жылғы қарашадан 2020 жылғы ақпанға дейін – Шарбақты ауданы әкімі аппаратының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі бас инспектор-мемлекеттік инспекторы.
2020 жылғы ақпаннан 2025 жылғы сәуірге дейін – «Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгер-бас маманы.
2025 жылғы 30 сәуірден бастап – Шарбақты ауылдық округі әкімінің орынбасары.



