
Абдраев Темірлан Амандықұлы
Сарысу ауданы Жаңаталап ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Абдраев Темірлан Амандықұлы 1979 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары;
1999 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген;
Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 2000 жылы «Тұзкені» ЖШС-нің заңгері болып бастаған;
2005-2011 жылдары Байқадам ауылдық аймағы әкімі аппаратының маманы, жетекші маманы, бас маманы;
2011-2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі;
2013-2014 жылдары Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2014-2017 жылдары Сарысу ауданы әкімінің кеңесшісі, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас инспекторы;
2017-2019 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары,
2019-2020 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2020 жылдың қазан айынан бастап Жаңаталап ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады;