
Өмірбаян
Жүнісов Ғани Спартакұлы 1979 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Аскуек ауылы, Аскуекская көшесі No10/2 үйде тұрады. Ұлты қазақ, үйленген 3 баласы бар.
01.09.1985 жылдан бастап 01.07.1994 жылға дейін Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы мектепте оқыған. 1994 жылдың қыркүйегінен бастап 1997 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінде оқыған. 1998 жылдың 26 тамызынан 2000 жылдың 23 маусымына дейін Алматы менеджмент және маркетинг институтының Жамбыл филиалында оқыды.
1997 жылдың 17 мамырынан 1998 жылдың 26 шілдесіне дейін Мойынқұм аудандық статистика бөлімінде экономист қызметін атқарды. 2001 жылдың 5 қаңтарынан 2001 жылдың 29 тамызына дейін Мойынқұм аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2001 жылдың 10 мамырынан 2008 жылдың 12 ақпанына дейін жеке кәсіпкер болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қараша айынан 2015 жылдың шілде айына дейін Аскуек ауылындағы «Ақжол» ЖШС коммерциялық директоры қызметін атқарды. 2018-2022 жылдар аралығында Ақсүйек ауылындағы су құбырының шеберлеріне жауапты оператор болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 22 шілдесінен Ақсуек ауылының әкімі.
