
Тайтөлеуов Бақытжан Кабыкенұлы
Каменевский ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1970 жылы 10 наурызда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2024 жылы Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетін Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Абай жастар-құрылыс бірлестігінде "Гранит" комсомол-жастар бригадасының құрамында тас қалаушы болып бастаған. 1995 жылдың сәуір айынан бастап Аягөз ауданы бойынша Өңіраралық қаржы полициясы бөлімінде қызмет атқарды. 1997 жылы Абай ауданының салық комитетіне инспектор болып жұмысқа ауыстырылды. 2000 жылы ШҚО Шемонаиха ауданы бойынша салық басқармасына ауыстырылды.
Мемлекеттік қызметке 2011 жылы Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары қызметіне түсті. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Шемонаиха ауданы Каменевcский ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.