
Өмірбаян
Жұматаев Бауыржан Алмаханұлы 1968 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді колхозында туылған.
Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1995 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын "Мелиорация жұмыстарын механикаландыру" мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Свердлов ауданы "Октябьрдің 40 жылдығы" колхозында жұмысшы болып бастаған.
1992-1994 жылдары Байзақ ауданы, Политотдел ауылы, Жамбыл құс фабрикасының жүргізушісі, 1994-2003 жылдары Ынтымақ өндірістік кооперативінде МТМ меңгерушісі, 2003-2010 жылдары Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші жетекші маманы, 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін ауылдық округ әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы қызметін атқарған.
“AMANAT” партиясының мүшесі.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеп отыр.