Маратұлы Әсет

    Жыңғылды ауылының әкімі

    Маратұлы Әсет
    Аким

    Маратұлы Әсет

    Жыңғылды ауылының әкімі

    Өмірбаян

    Әсет Маратұлы 1993 жылы 10 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының "Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құрылысшы-техник мамандығы бойынша, 2018 жылы "Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті" мемлекеттік емес білім беру мекемесін құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандығы бойынша аяқтаған.

    2013 жылдың 22 қазанынан бастап Жыңғылды ауылы әкімінің аппаратында статист болып қызметін бастаған. 2013 жылдың 6 наурызында Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің инспекторы, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Ақтау қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімі инспекторы, 2019 жылдың 13 мамырынан бастап Маңғыстау ауданы әкімі аппаратында инспектор, 2020 жылдың 17 ақпанынан бастап Ақтау қалалық білім бөлімінде инспектор, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Ақтау қаласы әкімінің көмекшісіғ, 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Ақтау қалалық құрылыс бөлімінде статист, 2021 жылдың қаңтар айының 1-інен бастап "Ақтау тұрғын үй" ЖШС директорының орынбасары, 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында статист, 2024 жылдың 17 сәуірінен бастап Атырау қаласында "Нұрсат" ЖШС инженер ПТО қызметтерін атқарған. 2024 жылдың 18 тамызынан бастап Жыңғылды ауылының әкімі қызметін атқаруда.