Нурмураткызы Жанар

    Қарасаз ауылдық округінің әкімі

    Нурмураткызы Жанар
    Аким

    Нурмураткызы Жанар

    Қарасаз ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мен, Нұрмұратқызы Жанар 1986 жылы 6 маусымда Өзбекстан Республикасы Навоий облысы Кенимех ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Жуалы ауданына қоныс аударып, 2004 жылы Жуалы ауданы Қарасаз ауылындағы Пушкин орта мектебін аяқтадым.

    2004 жылы Тараз қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне түсіп, 2008 жылы информатика мамандығын алып, жоғарғы оқу орнын бітірдім.

    Еңбек жолымды 2008 жылдың қараша айынан бастап Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы қызметінен бастадым. 2010 жылдан 2017 жылдың қазан айына дейін Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы қызметінде, 2017 жылдың қазан айынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Қарасаз ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы қызметінде, 2021 жылдың шілдесінен бастап, бүгінгі күнге дейін Қарасаз ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.

    03.11.2008-20.08.2010 жыл аралығында Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы.

    20.08.2010-29.09.2017 жыл аралығында Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы

    03.10.2017 -26.07.2021 жыл аралығында Қарасаз ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы.

    26.07.2021 Осы күнге дейін Қарасаз ауылдық округінің әкімі.