Керимбеков Бекен Орынбекович

    "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

    Керимбеков Бекен Орынбекович
    Руководитель отдела

    Керимбеков Бекен Орынбекович

    "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Бекен Орынбекұлы Керімбеков 1973 жылы туған, білімі-жоғары.
    1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы "Экофонд" қоғамдық қорында заңгер ретінде бастады.
    1996 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметке кірді.
    1997 жылдан бастап 2004 жылдың шілдесіне дейін Жамбыл облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді.
    2004 жылғы шілдеден 2005 жылғы қарашаға дейін - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарды (алдымен бөлім бастығы, кейін басқарма бастығының орынбасары).
    2005 жылғы қарашадан 2009 жылғы қазанға дейін - "Алматы облысының қаржы басқармасы" ММ бөлім бастығы, 2009 жылғы қазаннан 2010 жылғы тамызға дейін - "Алматы облысының қаржы басқармасы"ММ бастығының орынбасары.
    2010 жылдың тамызынан 2011 жылдың маусымына дейін - "Қазпошта" АҚ-ның Алматы облысы филиалы бастығының орынбасары.
    2011 жылдың шілдесінен 2012 жылдың ақпанына дейін - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің кеңесшісі.
    2012 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
    2022 жылғы 13 желтоқсаннан бастап "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысының бұйрығымен Басқарманың жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері