
Өмірбаян
Абаханов Ғазиз Тілеубайұлы 1979 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Свердлов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. 2000 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігі бойынша оқуын аяқтады. 2000 жылы осы университетте әскери дайындықтан өтіп, лейтенант атағын алды. 2004 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Х. А. Яссауи "Құқықтану" мамандығы бойынша, заңгер біліктілігі бойынша сырттай оқыған. Әскери міндетті. Запастағы Офицер.
Еңбек жолын 03.11.2000 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Юбилейное ауылында "Подгорный" ААҚ автогараж-диспечері болып бастады.
30.07.2001 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Юбилейное ауылында "Подгорный" ААҚ материалдық бухгалтері болып ауыстырылды.
22.07.2002 жылы Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Юбилейное ауылының Новосел ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері лауазымына жұмысқа орналастырылды.
01.02.2007 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің Есеп және есептілік бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
02.06.2014 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі.
16.03.2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.