
Өмірбаян
Мен, Прманов Аскар Кондыбаевич 1988 жылы 24 қаңтарында Өзбекстан Республикасы Вухарская облысында Пешку қаласында дүниеге келдім. Тегімді, атымды өзгерткен жоқпын. 1992 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Жаңатұрмыс ауылына көшіп келдім. Білімім жоғары. Ұлтым қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.
Әскери міндетті емеспін.
2011 жылы 17 қыркүйекте Мырзабекова Ботагөз Нұрғисақызымен некеге тұрдым.
2007 жылы Алматы қаласы Д.А.Қонаев атындағы колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым.
2010 жылы Алматы қаласы Д.А.Қонаев атындағы университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолын 26.09.2007 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының маманы болып бастадым.
04.05.2008 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы болып қабылдандым.
26.03.2012 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының бас маманы– сот отырысының хатшысы болып қабылдандым.
15.01.2014 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінде қаржы агенті бас маманы болып қабылдандым.
10.12.2014 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік - құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы болып тағайындалдым.
22.10.2015 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы (негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін) тағайындалдым.
01.08.2016 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қабылдандым.
14.07.2017 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік - құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас инспекторы.
02.09.2019 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
27.11.2019 жылдан бастап Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округінің әкімі.
21.10.2020 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
01.06.2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің қызметін атқарып келемін