
Кизатов Куат Кизатулы
Марқакөл ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1983 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы Алматы қаласының Заң колледжін заңгер, 2011 жылы Орталық Азия университетін құқықтану бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсіруде.
2011-2012 жылдары - Күршім ауданының №2 медициналық бірлестігінің заң-кеңесшісі, 2012-2013 жылдары – ШҚО бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының Күршім бөлімінің реттеу зал бастығы, 2014–2018 жылдары – Күршім ауданының №2 аудандық соты кеңсесінің сот приставы, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, ШҚО бойынша Соттар әкімшісінің Күршім ауданының №2 аудандық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы болып еңбек етті. 2018-2020 жылдары - Марқакөл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Сайлау нәтижесі бойынша 2024 жылдың 10 қарашасынан бастап Марқакөл ауданының Марқакөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.