
Нурсоветов Ерлан Нурсоветович
ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1966 жылы 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына түсіп, 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін агроинженерлік іс бойынша кәсіптік оқыту мамандығын тәмамдаған. 1984-1986 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.
Еңбек жолын 1987 жылы Ақсуат орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1987-1988 жылдары Өскемен қаласында 3 разрядты бетоншы болды, 1988-1990 жылдары Ішкі істер органында қызмет атқарды, 1990-1993 жылдары Высокогор совхозының құрылыс учаскесінің жұмысшысы болды, 1993-1995 жылдары Ішкі істер органында қызмет атқарды, 1995-1996 Күршім ауылы «Капышев» ШҚ жұмысшы, 1997 жылы Сортсынау участкесінің жүргізушісі, 1998-2001 жылдары Чердояқ ауылы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі, 2001-2002 жылдары Күршім аудандық военкоматының 2 бөлімшесінің жауапты орындаушысы болып еңбек етті. 2015-2021 жылдары Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Сайлау нәтижесі бойынша 2021 жылдың 28 мамырынан Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің әкімі.
Отбасылы, ұл тәрбиелеп өсірді.