Қаспақбаев Әділет Меделбекұлы

    Қордай ауылдық округінің әкімі

    Қаспақбаев Әділет Меделбекұлы
    Аким

    Қаспақбаев Әділет Меделбекұлы

    Қордай ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Қаспақбаев Әділет Меделбекұлы 1986 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген.

    2009 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын "қаржыгер"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2008 жылы №14 орта мектебінде есепші болып бастаған.

    2011-2013 ж. ж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есепшісі, 2013 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын мониторингілеу секторының бас маманының міндетін атқарушы, 2013-2018 ж. ж. - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу секторының бас маманы, 2018-2019 ж. ж. - Жамбыл облысы Қордай ауданының қаржы бөлімінің орындалуына мониторинг жүргізу секторының меңгерушісі.

    2019 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Степное ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2019-2020 ж.ж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2020 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы. 2020 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2020-2021 жылдары – Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары.

    2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында-Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2021-2022 ж... - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2022-2023 ж.ж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлімінің бастығы.

    2023 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері