
Өмірбаян
Блишев Ербол Асылбекұлы 1992 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2020 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы
Еңбек қызметін 2014 жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де құжаттар қабылдау маманы болып бастаған.
2024 жылдан 2025 жылдың қыркүйегіне дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша Шортанды аудандық бөлімінің реттеу залының басшысы қызметін атқарды.
2025 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Петровка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.