
Кадырмышев Болат Рахметкалиевич
ШҚО Үлкен Нарын ауданы Солдатово ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1987 жылғы 07 қарашада ШҚО Катонқарағай ауданы Солдатово ауылында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 2009 жылы Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін "Экология" мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірді. Үйленген, екі баласы бар.
2009-2011 жж "Калинина" ЖШС сату бойынша менеджер ретінде жұмыс істеді.
2009-2011 жж "Калинина" ЖШС директорының орынбасары ретінде жұмыс істеді.
2017 жылғы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
2021 жылғы 28 сәуірде өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен босатылды.
2021 жылғы 29 сәуір мен 02 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болды.
2021 жылғы 03 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округінің әкімі лауазымына қайта тағайындалды.
2024 жылғы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Солдатово ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
2025 жылғы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Солдатово ауылдық округінің әкімі ретінде тіркелді.