
Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлы
Ауылдық округ әкімі
Өмірбаян
Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында 1992 жылы 21 маусымда дүниеге келген.
2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Техника және технологиялар» мамандығы бойынша бітірген.
2015-2016 жж. – БҚО, Зеленов ауданы әкімінің аппараты, инспектор;
2017-2019 жж. - БҚО, Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімі; бас маман;
2019-2020 жж. – БҚО, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімі, бас маманы;
2020-2023 жж. – БҚО, Бәйтерек ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің басшысы;
2023 жылдан-2025 жылдың 10 қыркүйегіне дейін – БҚО, Бәйтерек ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі басшысы қызметін атқарды.
2025 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Шалғай ауылдық округінің әкімі.