
Өмірбаян
Қаниев Мейрамғали Молдағалиұлы 1986 жылдың 8 наурызында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Есет ауылында дүниеге келді.
2009-2012 жылдары Ақтау қаласындағы Энергетик колледжінде техник-электромеханик мамандығы бойынша білім алған.
2004 жылы 30 мамырда әскер қатарына шақырылып, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында шекара қызметін атқарған.
2007 жылдың 27 ақпанында ФК «Алсим Аларко» мекемесіне қабылданды. 2007 жылы 31 қазанда өз өтінішіммен басқа мекемеге ауысуына байланысты жұмыстан шыққан. .
2007 жылдың 13 қарашасында АО «Национальная компания» Қазақстан темір жолы Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясында электр монтер болып жұмысқа қабылданды.
2012 жылдың 19 қарашасында өз өтініші бойынша жұмыстан босатылған.
2013 жылдың 27 қарашасынан бастап, Есет ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметіне жұмысқа орналасады. 2023 жылдың 10 қыркүйектен бастап Есет ауылы әкімі қызметін атқарып келеді.