Енсебаева Гульнар Тулюбаевна

    Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының әкімі

    Енсебаева Гульнар Тулюбаевна
    Аким

    Енсебаева Гульнар Тулюбаевна

    Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының әкімі

    Өмірбаян

    Еңсебаева Гүлнар Тулюбайқызы 1967 жылы 18 қаңтарда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Комсомольский кеңшарында дүниеге келген.

    2012 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1984 жылы Екібастұз аудандық тұтынушылар қоғамының Комсомольск сауда бірлестігінде сатушы болып бастады.

    1995-1997 жылдар аралығында «Комсомольск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі қызметін атқарды.

    1998 жылы Комсомольск орта мектебінде лаборант болып жұмыс істеді.

    1999-2001 жылдары Комсомольск орта мектебінде іс жүргізуші болып жұмыс істеді.

    2001 ж. «Екібастұз қаласы Комсомольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ маманы.

    2002-2012 жылдары «Екібастұз қаласы Комсомольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

    2013 жылдың қаңтарынан 26 наурызға дейін «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді жүзеге асыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2013 жылдың 26 ​​наурызы мен 8 тамызы аралығында «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс секторының бас маманы болып жұмыс істеді.

    2013 жылдан Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының әкімі.

    Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 17 жылдан астам.