
Айсаков Канат Жумабаевич
Павлодар облысы Железин ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Айсаков Қанат 1968 жылы Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы Комаровка ауылында дүниеге келді. Білімі 1990 жылдан 1992 жылға дейін Чуваш АССР Чебоксары қ. КСРО ІІМ Чебоксары арнайы милиция орта мектебінде оқыды. КСРО ыдырауына байланысты 1992 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы арнайы милиция орта мектебіне ауысып, оқуын жалғастырды. Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша толық курсты, «заңгер» біліктілігін бітірген. Жоғары, 2005 жыл, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, мамандығы - біліктілік және академиялық дәреже-құқықтану бакалавры берілді.
Ауылдық округ әкімі орындайтын негізгі функциялар
* жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
* жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
* жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
* аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
* жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудандық мәслихатқа аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
* аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
* жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
* аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
* жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Қанат Айсаков өзінің еңбек жолын 1985 жылдың шілдесінен 1986 жылдың мамырына дейін Павлодар облысы Железин ауданы Комаровка ауылындағы «Железинский» сов/з №2 бөлімде малшы болып бастаған. 1989 жылдың тамызынан 1990 жылдың қыркүйегіне дейін Павлодар облысы Железин ауданы Комаровка ауылындағы «Железинский» сов/з № 2 бөлімде малшы болып жұмыс істеді.
1992 жылдың шілдесінен 1997 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар облысы бойынша ІІБ/УГСК тергеуші лауазымында қызмет атқарды. 2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында Железин ауданы ішкі саясат басқармасының спорт бойынша бас маманы лауазымында жұмыс істеді. 2002 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылындағы Железин ауданының мәслихатында бас маман-заңгер болып жұмыс істеді. Басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты жұмыстан шығарылды. 2007 жылдың маусымынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында Железин ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың сәуіріне дейін Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты жұмыстан шығарылды.
2018 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қараша айына дейін Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында Железин ауылдық округі әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін Железин аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылындағы Железин ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Железин аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Железин ауданы Железинка селолық округінің әкімі болып қайта сайланды
