
Тактанов Рустембек Муратович
Қарқаралы ауданының Абай ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Тактанов Рустембек Муратович Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Абай ауылында 1987 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
2007 жылы Д.А.Қонаев колледжын бітірген, 2010 жылы КарМУ-ды және 2012 жылы Болашақ университетін бітірген. Біліктілігі бойынша-«Ақпараттық жүйе» және «Құқықтану» мамандықтарын меңгерген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қарқаралы ауданы Абай ауылдық окуругі әкім аппараты» ММ жетекші маман болып жұмысын бастады. 2009 жылдан 2017 жылға дейін Абай ауылында бас маман болып жұмыс атқарды. 2017 жылдан 2021 жылға дейін Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарды. 2021 жылдың 25 шілдесінен, Қарқаралы ауданы, Абай ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.