
Бекқалиев Қанат Жанғалиұлы
Ауыл әкімі
Өмірбаян
2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін Бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры біліктілігі бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2002 жылы Жақсы ЭБЖ Атбасар станциясының Байланыс электромонтері болып бастаған.
2002 жылдың қазанынан 2003 жылдың наурызына дейін аудандық мәдениет үйінің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
2003 жылғы сәуірден 2008 жылғы шілдеге дейін – Жақсы ауданының аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бухгалтер бағдарламашысы.
2008 жылғы мамырдан 2008 жылғы қазанға дейін - "Агрофирма TNK"ЖШС диспетчері.
2008 жылғы қарашадан 2012 жылғы наурызға дейін- «Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің» экономикалық жоспарлау секторының бас маманы.
2012 жылғы наурыздан 2015 жылғы маусымға дейін – Жақсы ауданы бойынша салық басқармасының салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің маманы.
2015 жылғы шілдеден 2018 жылғы қазанға дейін - "Жақсы ауданының кәсіпкерлік бөлімі"ММ басшысы.
2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың наурызына дейін - "Жақсы ауданының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі" ММ бас маманы
2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың сәуіріне дейін-Жақсы ауданының Жақсы ауылының әкімі.
2021 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың шілдесіне дейін – Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы.
2025 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін-Новокиенка ауылының әкімі.