
Өмірбаян
Джамаков Альбек Шагидуллиевич 22.09.1965 жылы Орал облысы Чапаев ауданы Первомай ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары.1990-1994 жылы Батыс Қазақстан ауыл-шаруашылық институтын бітірген, мамандығы мал дәрігері.
21.07.-28.09.1983 жылы Орал облысы Орал қаласы «Ворошилов» атындағы зауытының токары, 19.12.1983-01.02.1984 жылдар Орал облысы Чапаев ауданы Жамбыл атындағы совхоздың жүк көтерушісі, 03.03.-06.05.1984 жылы Орал облысы Чапаев ауданы Жамбыл атындағы жылқы зауытының жұмысшысы, 01.09.1986-25.08.1987 жылдары Орал облысы Чапаев ауданы Жамбыл атындағы совхоздың тракторшысы, 22.08.1989-25.08.1990 жылдары Орал облысы Чапаев ауданы Жамбыл совхозының ветеринариялық мал дәрігерлік санитары, 16.04.1994-26.10.1999 жылдары Орал облысы Чапаев ауданы Жамбыл совхозының ветеринариялық аға мал дәрігері, 08.11.1999-14.03.2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Мал дәрігерлік жәрдем» жергілікті мемлекеттік коммуналды кәсіпорын Жамбыл ауыл округі бойынша мал дәрігерлік инспекторы, 30.07.2004-31.05.2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы ҚР АШМ Ақжайық аудандық аумақтық басқармасы ветеринарлық инспекторы,01.06.2010-10.03.2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 11.03.2014-01.04.2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы» жергілікті мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Жамбыл ауыл округі бойынша ветеринариялық пункт менгерушісі болған. 19.05. -06.11.2017 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Ақжайық ауданының ветеринария бөлімінің» бас маманы лауазымында, 07.11.2017-20.12.2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 23.02.-23.05.2022 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарған.
24.05.2022 жылдан бастап БҚО, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі.