
Өмірбаян
Шайхиев Жұмабек Асанұлы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Абай ауылында 1964 жылы туылған.
1983 жылы Жамбыл зооветеринарлық-малдәрігерлік техникумына оқуға түсіп, 1983 жылдың қараша айында Совет Армиясы қатарына алынып, 1985 жылға дейін әскер қатарында болған.
1987 жылы Жамбыл зооветеринарлық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітіріп, 1987-1993 жылдары аралығында Алматы зооветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
1991 жылдан 1998 жылға дейін Абай колхозы тауарлы қой фермасының меңгерушісі;
1998 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта егіс бригадирі, «Жаңасаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры қызметтерін атқарған.
2007 жылдан 2015 жылға дейін Сазтерек ауылдық округінің әкімі аппаратында іс-жүргізуші бас маманы;
2015 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Сазтерек ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.