
Өмірбаян
Бірлік ауылдық округі әкімі Оспанов Қуаныш Малибекұлы 1981 жылы 07 тамызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетін 2010 жылы «Экология» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2007 жылдары Шу қаласындағы ВЧДЭ-27 мекемесінде күзет бастығы.
2008-2012 жылдары Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының қарауылы.
2012-2015 жылдары Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-қаржы агенті.
2015-2021 жылдары Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қызметтерін атқарған.
2021 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімі.