
Өмірбаян
Дүйсенбаев Айбол Бөкенбайұлы 1988 жылы 25 қазанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Бейнеусусервис» МКК су шаруашылығын қадағалаушы болып бастаған.
2011-2013 жылдары Ақжігіт мәдениет үйінде маман, 2013-2014 жылдары Ақжігіт селолық округінде бас маман лауазымдарын атқарған.
2015-2022 жылдарында «Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және құжаттар бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2022 жылғы 18 қазаннан бастап Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Ақжігіт ауылының әкімі болып тағайындалды.